$ 481.84  531.33  5.07

Батыс Қазақстанда халықты малға теңеген шенеунік сөгіспен құтылды

Аманғалиев өз сөзімен ауыл тұрғындарын масқара етіп, мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексін бұзған.
Фото: Скриншот
Фото: Скриншот

Әдеп жөніндегі кеңес Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиевке қатысты тәртіптік істі қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Гүлсім Дәулетованың айтуынша, Instagram желісіндегі әкімнің сөзі едәуір резонанс туғызған. Аманғалиев журналиске берген сұхбатында «Халықты несіне тыңдайсыңдар? Халық қазір мал болып кетті ғой» деген.

«Ол кезде өзім де қиналып жүргенмін. Алдында ғана ағам мен анамды жер қойнына тапсырдым. Мұның жеке мәселем екенін, жұмысқа қатысы жоқтығын білем, бірақ сол кезде мен шынында да қиын жағдайда жүрдім», - деп ақталды Бейбіт Аманғалиев.

Алайда “оны мақтаған” хаттар түскен екен.

«Аманғалиев өз сөзімен ауыл тұрғындарын масқара етіп, мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексін бұзған. Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының ресми сипаттамасына сәйкес Бейбіт Аманғалиевтің тәртіптік жазасы жоқ, ол білікті маман және білікті басшы. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарынан әкім туралы жақсы сөздер жазылған хаттар да келіп түсті», - деді Гүлсім Дәулетова.

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов кез келген мемлекеттік қызметкер жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да әдеп нормасын мүлтіксіз сақтап, антына адал болуы керектігін қадап айтты. Ол әріптестерін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартуды ұсынуға шақырған. Алайда олар оны қолдамай, сөгіс түріндегі жазаны ұсыну жеткілікті деп шешті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары