Атырау облысында 30 адамды алдап, 40 млн теңгені иемденген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 30 адамды алдаған 24 жастағы алаяқтың Махамбет ауданында тұратыны анықталған.
«Алаяқтық іспен айналысқан күдікті 2022 жылғы желтоқсаннан бері Kaspi Bank және Freedom Finance банктен тауарлық несиені ақшалай алып, үстіне бонус қосып беремін деп 30 адамды алдаған. Сөйтіп, 40 млн теңгені имеденіп алғаны анықталды. Қазір алаяқ ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері қамауға алынған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.