28.01.2023, 01:01

Оралда өлген адамның мәйіті үй ауласында 2 күн бойы жатқан

фото: polisia.kz
Оны бөтелкелесі ұрып өлтірген.

Оралда өлген адамның мәйіті үй ауласында 2 күн бойы жатқан, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қаңтардың 23-інен 24-іне қараған түні 1966 және 1970 жылы туған екі таныс ішімдік ішіп, кейін 1966 жылғы тұрғынның үйінде жалғастырмақшы болған. Екеуі жол-жөнекей сөзге келіспей, үйдің алдында екеуі төбелесіп, 56 жастағы тұрғынға дене жарақатын салған.

Жарақат алып, жерге құлаған кісі сол жерде көз жұмды. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Үйдің айналасы темір қақпамен қоршалғандықтан, аула ішінде 2 күн жатып қалған мәйітті ешкім байқамаған.

 26 қаңтарда күдіктінің өзі полиция қызметкерлеріне хабарласып, таныс досының ессіз жатқанын айтқан. Полицейлер оқиға орнын тексеріп, айғақтарды жинап, кісі өліміне полицейлерді шақырған танысының қатысы бар екенін анықтап, қолға түсірді.

Қазіргі уақытта 1970 жылы туған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.