Жаңалықтар 28.01.2023 сағат 03:01

Бакалавр, магистр дәрежелері берілетін білім грантын бөлу тәртібі өзгерді

Бұл туралы министрліктің сайтында хабарланды.
Бакалавр, магистр дәрежелері берілетін білім грантын бөлу тәртібі өзгерді
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Үкіметтің қаулысымен ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін ЖОО-да білім грантымен оқу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.

«Ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының осы топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65 %-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 35 %-ына конкурс ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ғана өткізіледі», - делінген Үкіметтің 2023 жылғы 23 қаңтардағы №31 қаулы мәтінінде

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар