28.01.2023, 23:30

Ақтөбеде өмірлік жарын іздеген ер адам қоқыс жәшігіне хабарландыру қалдырған

Фото: Диапазон.Кз
Газеттерге танысу жайлы хабарлама бергенмін.

Ақтөбе тұрғындары үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен ерекше хабарландыру тауып алған. Онда: "Әйелмен танысқым келеді. Өзім туралы: 60 жастамын" деп жазылған және астына телефон нөмірін қалдырған. Нөмірге "Диапазонның" тілшісі хабарласып көрген. 

Хабарландырудың авторы өзінің аты-жөнін атамағанымен, осылайша өмірлік серік іздеп жүргенін айтқан. Бірақ ол Ақтөбеде тұрмайтын болып шықты. "Мен Ақтөбеден 200 шақырымдай жердегі Шұбарқұдық деген жерде тұрамын. Ажырасқаныма көп болды, жалғыз тұрамын, жалғызбастымын деуге болады. Газеттерге танысу жайлы хабарлама бергенмін. Олар қоңырау шалады, бірақ нәтиже болмай жатады: мен оған ұнамаймын немесе менің талғамыма сәйкес келмейді, әйтеуір жараспаймыз, талғамымыз сәйкеспейді, сондықтан жалғыз жүрмін. Ақтөбеге қонаққа барып тұрамын. Сондықтан қоқыс жәшігіне хабарландыру қалдыруды жөн көрдім. Мүмкін жанына өтіп бара жатқан әйел менің хабарландыруымды көріп қалар", – дейді ер адам. 

Тегтер: Ақтөбе танысу