29.01.2023, 11:00

Алматыдағы «Шымбұлақта» өрт шықты

фото: ҚР ТЖМ
Тілсіз жау шамамен 800 шаршы метр аумақты шарпыған.

Алматыда «Шымбұлақ» курортында орналасқан Oblaka мейманханасынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, өрт таңғы сағат 05:30-да «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортындағы «Oblako» мейрамханасында тұтанған. Тілсіз жау шамамен 800 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сағат 08:05-те оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ, өрт кезінде барлығы эвакуацияланды. Арнайы өрт техникасына арналған кірме жолдардың болмауына байланысты қызыл жалын ішкі өртке қарсы крандар арқылы өшірген.

Тегтер: өрт Шымбұлақ