$ 486.44  534.31  5.06

Алматы облысында 21 жастағы қызды еркінен тыс алып қашқан

Қызды ұрлағаннан кейін оны қорлап, ұрып-соғып, зорлық көрсеткен.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Алматы облысы Ұйғыр ауданында 9 қаңтарда 21 жастағы қызды еркінен тыс алып қашқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы “NeМолчи” қорының негізін салушы, қоғамдық белсенді Дина Таңсәрі хабарлады.

Қызды ұрлағаннан кейін оны қорлап, ұрып-соғып, зорлық көрсеткен. Бойжеткен 28 қаңтарда қашып шықты.

Ол 29 қаңтар 01:00 шамасында анасымен полицияға арыз жазады. Алайда олардың айтуынша, әлі сараптама әлі тағайындалмаған. Қыз сараптаманы күтіп, әлі жуынбай отқанын айтады.

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов бұған пікір білдірді.

“Ұйғыр ауданының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс туралы өтініш тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта Ұйғыр ауданы ПД тергеушісінің тапсырмасы негізінде Талғар ауданы ПД қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізуде”, – деді ол.

Әденов тергеу барысы өз бақылауында екенін айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы