$ 443.85  474.3  4.8

Kaspi.kz – 2022 жылғы депозит өсімі бойынша №1

Бұл Қазақстандағы барлық банктердің жылдық өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші.
Фото: Kaspi.kz
Фото: Kaspi.kz

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халықтың Kaspi.kz-тегі депозитінің жалпы көлемі 3 трлн 395 млрд теңгеден асты. 

Бар-жоғы бір жылдың ішінде қазақстандықтар жинақ ақшасын 895,2 млрд теңгеге көбейтті. Бұл Қазақстандағы барлық банктердің жылдық өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші. 

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: 

«Сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғаны үшін мың алғыс! Біз сүйікті клиенттеріміздің сеніміне үлкен жауапкершілікпен қараймыз және күткеніңізден асып, ары қарай технологиялық және инновациялық сервистерімізбен қуанту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз».

Қазақстандағы ең танымал Kaspi Депозитті Kaspi.kz мобильді қосымшасында санаулы ғана секундта ашуға болады. Салымның ең аз сомасы бар-жоғы 1 мың теңгені немесе $10 құрайды. Тиімді сыйақы мөлшерлемесі – теңгемен жылдық 15% және АҚШ долларымен 1%. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары