$ 482.86  533.17  5.08

Қандай заттар үйге жағымсыз энергия әкеледі? Астролог жауабы

Үйдегі энергетиканы тазартуға тұзды шамдар көмектеседі.
Фото: ru.freepik.com
Фото: ru.freepik.com

Жиі ауыру, жақындарыңызбен ұрысу және тұрмыстық проблемалардың туындауына  үйіңіздегі нашар энергия тарататын заттар себепші болуы мүмкін. Отбасыңызға не нәрсе жағымсыз әсер ететінін ведикалық астролог Вероника Волкова  айтты.

Бұрыннан үйдегі кей нақты заттар сәттілік әкелсе, басқалары, керісінше, жағымсыз энергия береді деп саналған. Жүйелі түрде үйді тазалау және жағымсыз энергия тарататын заттардан арылу маңызды.

Сынған заттар

Ведикалық астрологияда Сатурн - ең қатаң, тәртіпті жақсы көретін планета. Ол ластықты, ретсіздікті жақсы көрмейді. Ол өміріңізге уайым-қайғы, бақытсыздық және аурулар әкелуі мүмкін. Сатурн қарттықты және ескі заттарды басқарады.

Сондай-ақ ол барлық сынған, жыртылған және лас заттарды  басқарады және олар нашар энергия таратады. Мұндай заттардан арылған жөн. Егер сізге қымбат нәрсе болса, оны барынша жылдам жөндеп алыңыз.

Қолданылмайтын заттар

Жағдайы жақсы заттар да энергетикалық сорғышқа айналып, өміріңіздегі сәттілікті жұтып ала алады. Егер қандай да бір затты бір жыл немесе одан да көп уақыт қолданбасаңыз, ол қажет емес затқа айналады. Оны қолданатын адамға немесе мұқтаж жанға беріңіз немесе сатып жіберіңіз. Сондықтан да жылына бір рет болсын үйге толық тазалау жұмысын жүргізу маңызды.

Үйді әр ылғал тазалаған сайын балғындық, тазалық және игілік энергиясы келеді. Сумен бірге жиналып қалған ластық қана емес, барлық энергетикалық негатив те жуылып кетеді. Кіреберіс есігінің тазалығына аса мән беріңіз. Сондай-ақ кіреберіске қоқыс қоюдың қажеті жоқ, ол сәттіліктің келуіне кедергі жасап, үйіңізге жағымсыздықтар әкелуі мүмкін.

Декор

Үйді безендіретін заттарды мұқият таңдаңыз. Картиналар, мүсіндер, маскалар - бұлардың барлығы үйге өздерімен бірге әртүрлі энергия әкеледі. Дөрекі, қара және жағымсыз мағына беретін заттардан алшақ болған дұрыс.

Үй - біз демалатын, қалыпқа келетін, тамақ ішетін және ұйықтайтын жер. Бұл жер біздің санамызбен тығыз байланыста. Үйдегі барлық нәрсе бізді қуантуы, тыныштандыруы және демалтуы керек.

Үйдегі энергетиканы қалай тазартуға болады?

Үйдегі энергетиканы тазартуға тұзды шамдар көмектеседі. Оларды жатын немесе балалар бөлмесіне қоюға болады.

Дереккөз: massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары