$ 481.84  531.33  5.07

Прокурорға пара бермек болған казино өкілі қамауға алынды

Күдікті 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бермек болған.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Прокуратура қызметкеріне пара ұсынған казино өкілі 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Бас прокуратура.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп «Cash Ville» казиносы тексерген. Тексеру кезінде казино өкілі прокуратура қызметкеріне пара ұсынған. Күдікті 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бермек болған. Бұл факті тіркеуге алынды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 2023 жылдың 28 қаңтарында Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары