$ 444.22  476.38  4.82

«OLX сынды жарнамалар ашық, еркін есірткі саудасына толып тұр»: Журналист Гүлмира Әбіқай дабыл қақты

Полиция күресіп жатқанын айтады. Тұрғындар аулалардан есірткі іздеген адамдарды өздері ұстап әлек.
Фото: Spuntik Қазақстан
Фото: Spuntik Қазақстан

Журналист Гүлмира Әбіқай интернетте есірткінің ашықтан ашық сатылып жатқанына дабыл қақты.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

ҚР Ішкі істер министрлігі, Алматы облысы Полиция Департаменті назарына. Президенттен бастап синтетикалық есірткімен күресу керек деп тапсырма береді. Полиция күресіп жатқанын айтады. Тұрғындар аулалардан есірткі іздеген адамдарды өздері ұстап әлек. Ал, OLX сынды жарнамалар ашық, еркін есірткі саудасына толып тұр.

Мына жерде Ғалия есімді пысықой “Hayat Construction Group” деген фирма атынан шұғыл разнорабочий керек: "тәжірибесіз студенттерге есік ашық” деп жарнамалап отыр.

"Сәлеметсіз бе, қалыңыз қалай? Мына жазбамды бір қазақтың баласына болсын көмегім тисін деген мақсатта жазып отырмын. Кеше сіңілім ватсап группадан күніне 20 мың деген жарнама бойынша хабарласса ашық синтетикалық есірткі таратасың, деп айтыпты . Сізден өтініш арнайы мамандарға айтып сол хабарландыру бойынша хабарласып тексерсе екен. Оны сататын да алып шегетін өзіміздің қазақтың ұлы, қызы. Зардабын да тартады. Айран ішкен құтылар, шеклек жалаған тұтылар деп. Үстіндегілері ұсталса дүрыс болар еді".

"Жастар тағдырына бей-жай қарамаған оқырманым Мәрияға респект", - деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары