$ 481.84  531.33  5.07

«Адамдарды аңдиды»: Apple сот алдында жауап береді

Apple қаржылық пайдасы үшін пайдалану мақсатында үлкен көлемде деректер жинайды.
Фото: Brendan McDermid | Reuters
Фото: Brendan McDermid | Reuters

iPhone иелерінің жеке деректерін жинап, әрекеттерін бақылап отырады деген айыппен Apple компаниясының үстінен сотқа арыз түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Солтүстік Калифорния аудандық сотына берілген арызға сүйенсек, компания смартфонда құпиялылық параметрлері орнатылғанына қарамастан пайдаланушылардың жеке дерегіне қол сұғады.

"Apple қаржылық пайдасы үшін пайдалану мақсатында үлкен көлемде деректер жинайды", - деді талапкер Джулия Сима.

Сондай-ақ, арызда Apple пайдаланушылардың белгілі бір қолданбаларды қалай іздейтінін, оларды App Store дүкенінде қарауға қанша уақыт жұмсайтынын, қолданбалар дүкеніне қандай сұраулар енгізетінін, сондай-ақ қандай жарнамаларға көңіл бөлетінін қадағалайтыны айтылған. Apple әлі арызға жауап берген жоқ.

Сонымен қатар, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары компания қосымшалары смартфонның батареясын арнайы қуатсыздандыруы мүмкін деген болжамдарын жазып жатыр. Бұл туралы компанияның бұрынғы қызметкері Джордж Хейвард мәлімдеді. Сынақ мақсатында смартфонға арнайы жүктеме беріледі, бұл батареяның тез таусылуына және темірдің нашарлауына әкеледі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сот #айфон