$ 481.84  531.33  5.07

Екібастұз бен Риддерде жылу тарифі қымбаттайды

Екі еседен жоғары болады.
Фото: Stan.kz ақпарат агенттігі
Фото: Stan.kz ақпарат агенттігі

Екібастұз бен Риддер қалаларында жылу тарифі қымбаттайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет кулуарында айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, тарифтердің өсуі монополияның нақты субъектісіне және желілердің тозуына байланысты. Ал коммуналдық желілерді жөндеу қажеттілігі Екібастұз бен Риддерде көбірек байқалады.

"Екібастұз ЖЭО өтінім беріп, тарифті 107 пайызға көтеруді сұрады. Біз ондай қадамға бара алмаймыз. Оны ашық айттық. Өсім бұдан 4 есе кем болатын шығар. Олармен осылай жұмыс істеп жатырмыз. Екібастұз жылу электр орталығының иесі де мекемеге инвестиция салуға тиіс. Ол да жауапкершілікті сезінуі керек. Шығынның бір бөлігі бюджетке, бір бөлігі тұрғындарға түседі. Әділеттілік болуы керек. Сонда өсім баяу жүруі керек", - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. 
Министр Екібастұз бен Риддердегі жылу беру жүйесінің негізгі проблемаларын айтты. 

"Екібастұзда жүйе әбден тозған. Ең үлкен өсім сол жақта жоспарланған. Екі еседен жоғары болады. Бірақ біз оны басқа механизмдер арқылы тежеуді жоспарлап отырмыз. Екібастұз бен Риддерде өсімді баяу жүргізгіміз келеді. Мысалы, жылудың жаңа тарифі бұл қалалалардың тұрғындары үшін наурыз айында сезіледі. Сәуірде наурыз айының түбіртегі келеді. Ол кезде күн жылына бастаған соң жылу аз тұтынылады. Сондықтан олар тарифтің өскенін наурыз бен сәуірдің жартысында ғана сезінеді. Одан кейін өсімді келер қыста бірақ сезінуі керек. Жылуға төленетін бірінші түбіртек қараша айында бір-ақ келеді. Бәлкім, тарифтің өсуін тұрғындар сәуірде сезінеді", - деді Әлібек Қуантыров. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары