Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Португалияда өткен Гран-при жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты.
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткендей, аталған додада жеңімпаз-жүлдегер атанған қазақстандық спортшылар рейтингте жоғарылады.
Атап айтқанда, Әбиба Әбужақынова 8-ден 6-ға, Ғалия Тынбаева 52-ден бірден 37-ге, ал Жансай Смағұлов 13-орынға көтерілді.
Қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі көрсеткіштері мынадай:
Ерлер:
60 келі
Мағжан Шамшадин – 13 (2513)
Елдос Сметов – 17 (2279)
Бауыржан Нарбаев – 24 (1842)
66 келі
Ғұсман Қырғызбаев – 26 (1570)
Есет Қуанов – 49 (852)
73 келі
Жансай Смағұлов – 13 (2750)
Данияр Шамшаев – 22 (1839)
81 келі
Абылайхан Жұбаназар – 30 (1365)
Дидар Хамза – 22 (1910)
90 келі
Ерсұлтан Мұзаппаров – 41 (976)
-100 кг
Шархан Нұрлыхан – 26 (1672)
+100 кг
Әділ Оразбаев – 39 (946)
Ерасыл Қажыбаев – 42 (851).
Әйелдер:
48 келі
Әбиба Әбужақынова – 6-орын (4228 ұпай)
Ғалия Тынбаева – 37 (1154)
57 келі
Севара Нышанбаева – 32 (1462)
-78 кг
Аруна Жангелдина – 32 (1128)
+78 кг
Кәмила Берліқаш – 15 (2429)
Назгүл Маратова – 30 (1101).