$ 449.58  486.94  4.86

Астанада итін құтқармақ болған әйел Есілге құлап кетті

Белгілі болғандай, әйел итпен серуендеп жүрген, кенет жануар өзен үстіне жүгіріп шығып, мұз астына түсіп кеткен.
фото: дереккөзден
фото: дереккөзден

Астанада Есіл өзеніне батып бара жатқан әйел мен иті құтқарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.

«31 қаңтар күні таңғы сағат 9.22-де елордалық ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Кенесары көшесі ауданында Есіл өзеніне ит суға батып бара жатқаны туралы хабарламаға шықты. Белгілі болғандай, әйел итпен серуендеп жүрген, кенет жануар өзен үстіне жүгіріп шығып, мұз астына түсіп кеткен», - делінген ведомство мәліметінде.

Итін құтқармақ болып ұмтылған әйелдің әрекетінен нәтиже шықпай, өзі де суға бата бастаған. Сол уақытта сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам құтқарушылар келгенге дейін әйелді судан алып шыққан.

«ТЖД бөлімшелері келген кезде ит әлі де суда болды. Құтқарушылар дереу итті судан шығаруға кірісті. Бақытымызға орай, құтқару операциясы сәтті аяқталды, ит иесіне тапсырылды.
Әйел мен үй жануарының жағдайы жақсы, олардың өміріне еш қауіп жоқ», - деді ТЖД-дан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары