Синоптиктер 2023 жылғы 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оңтүстігікте қатты жауын-шашын болжанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың солтүстік жартысына әлі де жоғары қысымды өріс әсер етеді, аязды, желсіз және ашық ауа-райы сақталады.
Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен жауын-шашын болжанады.
Елдің батысында негізінен қар; Шығысында жаяу бұрқасын аралас қар жауады; Республиканың оңтүстік жартысында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады) болжанды.
Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз 7-12-ге дейін көтеріледі. Елдің солтүстігі мен оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде жел күшейеді.