01.02.2023, 21:30

Қазақстандық мерген қыздар Джакартадағы әлем кубогында алтын алды

Фото: olympic.kz
Отандастарымыз пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде үздік болды.

Нысанаға оқ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Джакартада өтіп жатқан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Отандастарымыз пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде үздік болды. 

Қазақстан құрамасы сапында Александра Ле, Елизавета Безрукова және Анастасия Григорьева өнер көрсетті.