$ 481.84  531.33  5.07

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Оңтүстікте таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады.
Сурет: pixabay
Сурет: pixabay

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 4-6 ақпанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады.

«Елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар аралас жаңбыр жауады, оңтүстік облыстарда жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, оңтүстікте таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады.

Жауын-шашын желдің күшеюімен бірге жүреді. Еліміздің батысында түнде ауа температурасының аздап төмендеуі 7-18 аязға дейін, күндіз 3-8 аязға дейін күтілуде.

Республиканың солтүстік жартысында, орталықта және шығыста температура фоны өзгеріссіз қалады: түнде 15-26, күндіз 5-13 аяз болады.

Оңтүстік облыстарда түнде ауа температурасы шамалы оң мәндерге жетеді, күндіз 2-10 градус жылы болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары