03.02.2023, 14:40

Юрий Ильин су басқан елді мекендердің жергілікті тұрғындарымен кездесті

Фото: ТЖМ
Жақын арада министр Арыс және Кентау қалаларында, Бәйдібек және Созақ аудандарында болады.

Юрий Ильин Сауран ауданының төрт елді мекенінде су басу салдарын жою барысымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ТЖМ.

Әкімдікке келтірілген залалды бағалау бойынша комиссиялық аралауды ұйымдастыру тапсырылды.

Жедел штабтың мәліметінше, Ордабасы ауданындағы елді мекендегі су сорылған. Жақын арада министр Арыс және Кентау қалаларында, Бәйдібек және Созақ аудандарында болады.

Қазіргі уақытта инертті материалдары бар 14500 дана қап салынған. Арыс өзенінде 3 гидрологиялық бақылау бекеті қойылған.