05.02.2023, 14:00

Қызылорда облысындағы жұмбақ өлімнің алдын ала себебі аталды

Фото: Tengrinews.kz
Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Қызылорда облысы Полиция департаменті өкілдері мұнай компаниясы қызметкерлерінің өлімінің себебі алдын ала мәлімет бойынша белгісіз заттан улану болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қызылорда облысында 3 ақпанда "Қазспекторстрой" ЖШС мердігерлік компаниясының екі қызметкерінің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша тіркелді", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.

Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, олар белгісіз заттан уланып қайтыс болды", - деді ведомство өкілі.