Жаңалықтар 05.02.2023 сағат 16:00

Оралда екі жеңіл көлік соқтығысып, бірінің жүргізушісі қаза тапты

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оралда екі жеңіл көлік соқтығысып, бірінің жүргізушісі қаза тапты
Фото: Zakon.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

5 ақпанда Орал қаласында Toyota Camry мен Ауди-80 автокөліктері соқтығысып, оның бірінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"5 ақпанда сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 автокөлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды".
БҚО облысы ПД
2003 жылғы Toyota жүргізушісі мен оның жанында болған жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар