$ 444.32  473.33  4.76

Рыбакина Australian Open-нен кейін мәлімдеме жасады

Айта кетейік, Рыбакина Australian Open-де табысты өнер көрсетуі арқасында алғаш рет әлемдік рейтингтің үздік тізіміне енген болатын.
Фото: Instagram.com/lenarybakina/
Фото: Instagram.com/lenarybakina/

Елена Рыбакина Australian Open-2023-тен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Рыбакина карьерасында алғаш рет Аустралияның ашық чемпионатының финалына жетті. Алайда ол шешуші матчта жеңіліп қалды.

"Үлкен ареналар мен үлкен жарыстар көп энергияны қажет етеді және сіздердің қолдауларыңыз осындай сәттерде өте жағымды әсер етеді. Қоғамда әрбір турнир сайын тенниске деген қызығушылық артып келе жатқанын сеземін және бұл - мен үшін үлкен мәртебе. Күш-қуатыма сенгендеріңізге және қолдауларыңызға алғыс білдіремін. Рақмет", - деп жазды ол .
Айта кетейік, Рыбакина Australian Open-де табысты өнер көрсетуі арқасында алғаш рет әлемдік рейтингтің үздік тізіміне енген болатын.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары