$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда дәрігерлер 11 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш алып шықты

Ауруханаға жатқызылғанға дейін қыз асқазан-ішек жолдарының бұзылуына байланысты амбулаторлық ем қабылдаған.
фото: eyeinst.kz
фото: eyeinst.kz

Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында асқазанында көп шаш жиналған 11 жастағы балаға шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың іші ауырып, бір апта бойы құсып, тәбеті болмады, оны жалпы әлсіздік мазалаған. Ауруханаға жатқызылғанға дейін қыз асқазан-ішек жолдарының бұзылуына байланысты амбулаторлық ем қабылдаған.

«Ақпанның 1-інде бала жедел аппендицитке күдікпен қабылдау бөліміне жеткізілді, оның диагнозы динамикалық бақылау барысында жоққа шығарылды», - дейді БШМККО іріңді және кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Қызға шұғыл түрде іш қуысы мүшелеріне УДЗ, эзофагогастродуоденоскопия жасалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары