Жаңалықтар 06.02.2023 сағат 11:40

Тоқаев Екібастұздағы жылу мәселесі бойынша тапсырма берді

Еске салайық, Екібастұзда жылумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Тоқаев Екібастұздағы жылу мәселесі бойынша тапсырма берді
Фото: Zakon.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.

Еске салайық, Екібастұзда жылумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар