Талдықорған қаласының 18 жастағы тұрғыны әкесінің өліміне күдікті деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«6 ақпанда Көктал шағынауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылды. Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы ас үй табасымен әкесін ұрып өлтірген», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.
«ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген хабарламада.