$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбелік шенеунік мүгедектерден миллиондап пара алды деген күдікке ілінді

Мүгедектерден мүгедектік мерзімін белгілеу және ұзарту үшін бірнеше рет пара алған.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитеті департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, ол медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде мүгедектерден мүгедектік мерзімін белгілеу және ұзарту үшін бірнеше рет жалпы сомасы 1 200 000 теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Тергеу соты күдіктіні «электрондық білезікті» қолдану арқылы «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары