$ 482.86  533.17  5.08

«Отбасымның жартысы үйінді астында қалды» – танымал түрік актері көмек сұрады

Актердің айтуынша, Хатайдағы құламаған үйлердің өзі адам тұруға жарамайды.
Фото: aa.com.tr, instagram.com/uguraslanofficial
Фото: aa.com.tr, instagram.com/uguraslanofficial

Танымал түрік актері Угур Аслан туып-өскен жері Хатай қаласындағы ауыр жағдайды айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кешеден бері Түркияның оңтүстік-шығысындағы бірнеше қала жойқын зілзаладан қирап жатыр. Көршілес, Сирия, Ливан елдеріне де жерасты дүмпулері жеткен.

«Отбасымның жартысына жуығы Хатайда үйінді астында қалды. Қалғандарының айтуынша, ешкім көмек бермей жатыр. Неге?», - деп жазды актер Twitter желісінде.

Актердің айтуынша, Хатайдағы құламаған үйлердің өзі адам тұруға жарамайды.

«Телефонмен сөйлесіп отырмын, өзім Хатайға сәрсенбі күні барамын. Үлкен көмекке мұқтажбыз. Әсіресе, күн өте суық, жылы киім керек, тамақ керек. Үйсіз қалғандардың баратын жері жоқ, ол жағы әлі ұйымдастырылмаған. 15 млн адамға кесірі келген мына жағдайда қалған 65 млн түркиялық осында келіп көмектесуі керек деп ойлаймын», - дейді актер.

Айта кетейік, бүгін Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды.

Соңғы мәлімет бойынша, Түркияда зілзала құрбандарының саны 3,5 мыңға жуықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары