08.02.2023, 13:00

«Жаңбыр соңы қарға ұласады»: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Фото: inform.kz
Ауа температурасы 8-21 аязға дейін төмендеуі мүмкін.

«Қазгидромет» РМК 9-11 ақпанға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктер алдағы күндері әлі де ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын айтады.

«Оңтүстік және шығыс өңірлерде оңтүстік циклон жырасының ықпалымен; солтүстігінде және солтүстік-батысында Салехард аумағынан келетін циклон жырасына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда қатты жауын-шашын, 10 ақпанда қалың қар жауады деп болжанады. Сондай-ақ аталған өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады және желдің күшейеді.

«11 ақпанда батыс антициклонының жотасы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарға ауысады, онымен жауын-шашын біртіндеп тоқтайды және түнгі температура 8-21 аязға дейін төмендеуі мүмкін», - делінген хабарламада.