08.02.2023, 17:00

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде төрт қазақстандық жоғалып кеткен

Фото: Anadolu Agency
Жер сілкінісінен кейін жоғалған қазақстандықтардың туыстары олармен байланыса алмаған.

2023 жылғы 8 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Уфук Экижи Түркияда төрт қазақстандық жоғалып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, жер сілкінісінен кейін жоғалған қазақстандықтардың туыстары олармен байланыса алмаған.

"Әзірге басқа ақпарат жоқ", - деді Уфук Экиджи

2023 жылы 6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды.