$ 494.87  520.65  4.91

«Айтайын десем, тіл жоқ»: Ұлықпан Жолдасов ұзақ жылдан кейін көрерменге өзінің ел білмейтін құпиясын ашты

Қолымды бір сілтеп, құрсыншы деп кетіп қалдым.
Фото: Асхат Садырбайдың бағдарламасынан
Фото: Асхат Садырбайдың бағдарламасынан

Танымал әнші әрі сазгер Ұлықпан Жолдасов Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болып, көрерменге бұрын-соңды айтпаған құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі халыққа Ұлықпан атымен танылған әншінің шын есімін жариялады. Белгілі болғандай, әншінің шын аты - Жолдасов Умиксат Мырзабайұлы.

"16 жасымда төлқұжат алуға бардым. Совет үкіметі орнап тұрған кез. Паспорт беретін әйел орыс ұлтынан екен, соған куәлігімді қалдырып, он күннен кейін келдім. Келсем, атымды Умиксат деп қате жазып жіберіпті. Оны айтып жеткізейін десем, тіл жоқ. Сонымен қолымды бір сілтеп, құрсыншы деп кетіп қалдым. Содан бері осылай қалды. Бір кездері атымды өзгертем деп оқталғанмын. Бір үлкен кісі тоқтатып: "Ұлықпанжан, қажет емес, бұл сені көп бәледен қорғайды", - деді.

Ақыры өзгертпеймін деп шештім. Қазір үйде бәріміздің құжатымыз дұрыс емес. Ұлымның жеке бас куәлігінде "Умиксатович" болып жазылған. Кейін паспорты жоғалып, қайта жасатқанда бір қазақтың қолына түссе керек. "Умиксат деген ат қазақта жоқ, Өміксат шығар", - деп, "Өміксатович" қылып өзгертті. Қызымның құжатында "Өміксатқызы" деп жазылған. Айта берсек, быт-шыт, әйтеуір", - деп күлді Ұлықпан Жолдасов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары