ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үйінді астынан аман табылған Сәбина Мамадиярованың жағдайын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айбек Смадияровтың айтуынша, Сәбина Мамадияроваға қажетті медициналық көмек беріліп жатыр.
«Жер сілкінісінен аман қалған Сәбина Мамадиярованың жағдайына келсек, ол қазір Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында. Кеше оған қолына операция жасалды, денсаулық жағдайы тұрақты. Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен тұрақты байланыста, қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгін консул оған жеке барып қайтады», - деді Айбек Смадияров,
Еске сала кетейік, 8 ақпанда Түркияның Хатай қаласындағы үйінділер астынан Қазақстан азаматы Сәбина Мамадиярова аман-есен табылды.