$ 446.49  475.38  4.79

Азия чемпионатында желаяқ Каролин Кипкируи алтын медаль алды

Құрлықтық додада ол 3000 метрге жүгіруден сынға түсті.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Бүгін Астанада басталған жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында қазақстандық Каролин Чепкоеч Кипкируи алтын медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрлықтық додада ол 3000 метрге жүгіруден сынға түсті. Жарыс барысында қазақстандық желаяқ алдына жан салған жоқ. Ол мәре сызығын 9:01.98 секунд уақыт көрсеткішмен алғашқы болып қиды.

Аталған қашықтықта күміс жүлде қытайлық Уга Хэге бұйырса, жапониялық Юма Йамамото үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ, құрлықтық додада 60 метрге жүгіруде қазақстандық Ольга Сафронова күміс жүлдені жеңіп алды. Ол бұл қашықтықты 7.32 секундта жүгіріп өтті. Ирандық спортшы Фарзане Фасихи 7.28 секунд нәтижесімен қарсылас шақ келтірмесе, индонезиялық Валентин Ванеза 3-орын (7.37 секунд) иеленді.

Жарысқа 31 елден келген 360 спортшы қатысады деп жоспарланған. Олар жеңіл атлетиканың 26 түрінен сайысқа түседі. Чемпионат барысында халықаралық дәрежедегі 88 білікті маман төрешілік етеді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары