11.02.2023, 15:30

Астанада көліктердің автобус жолағымен жүру мүмкіндігі қарастырылып жатыр

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Бұл көшелерде қарбалас уақыттан тыс уақытта қарапайым көліктердің жүруіне болады.

Астанада көліктердің қоғамдық көлікке арналған жолақшада қарбалас уақыттан тыс және демалыс күндері жүру мүмкіндігі қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ведомство мәліметінше, елордада осы мәселені шешу бойынша онлайн-дауыс беру басталған, ол 2023 жылғы 10-27 ақпан аралығында жалғасады.

Пилоттық жоба Абылай хан даңғылында А.Пушкин-Манас көшесі аралығына дейін енгізілді. Бұл көшелерде қарбалас уақыттан тыс уақытта қарапайым көліктердің жүруіне болады. Ал таңертеңгі сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін және кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін автобус жолағымен жүруге тыйым салады.

Тегтер: Астана жол