Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинес France Football басылымына 2022 жылы Катарда өткен футболдан әлем чемпионатындағы орынсыз әрекеті туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Мартинес
"Қуанышымды осылай білдіргенім үшін өкінесіз бе дейсіз бе? Кейбір әрекеттерді қайта қайталағың келмейтін сәттер болады. Менің ешкімді ренжіткім келген жоқ. Мансабымның көп бөлігінде француздармен бірге ойнадым және ешқандай проблема болған емес. Менің қандай екенімді Жирудан (Оливье Жиру – Франция құрамасының шабуылшысы) сұрасаңыз болады. Маған француз мәдениеті мен менталитеті қатты ұнайды. Үздік қақпашы жүлдесін алған кездегі әрекетім әріптестеріме көрсеткен әзілім еді. Мен мұны Америка Кубогында жасадым, олардың бәрі маған мұны енді қайталамау керектігін айтты. Тіпті Леоның өзі де айтқан. Мен мұны солар үшін жасадым, басқа ойым болмады. Бұл бар жоғы бір секундқа ғана созылған", - дейді Мартинес.