$ 498.34  519.72  4.85

«Бес баламды өлтіріп, артынан өзім өлемін» – шымкенттік әйел

Әйелдің желідегі жазбасына қарасақ, бір жыл бұрын күйеуі тастап кеткен.
Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org

Шымкент тұрғыны өмірден түңіліп, 5 баланы жалғыз өзі бар күшін салса да тойып тамақ бере алмай жатқанына күйініп, осындай шешімге келгенін айтып отыр, деп жазады aikyn.kz.

Әйелдің желідегі жазбасына қарасақ, бір жыл бұрын күйеуі тастап кеткен. 5 баланы сүйреп ескі, суық, от жағып тұратын жаздық үйді жалдап тұрады. Балалардың әкесі үйленіп кеткен. Алиментке берешегі 4,5 млн теңге екен.

Ол алимент төлемек тұрмақ, балаларының халін, не жеп, қайда жүргендеріне  еш қызығушылық танытпаған.

Суық әрі берекесіз жалдамалы үйде балаларымен қаңғып қалған әйелді не өз туыстары, не күйеуінің туыстары керек қылмай қойыпты. Өмір сүруге күші мен қауқары қалмаған келіншек журналист Гүлмира Әбіқайға ішіндегі маза бермей жүрген ойын  осылай жазыпты.

«Мен бес баламды өлтіріп, сосын өзім өлемін. Шаршадым уже. Менде басқа жол жоқ»,– дейді әйел.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары