Түркиядағы жойқын табиғат апатынан көз жұмғандар саны 30 мыңға жуықтады. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
AFAD мәліметтері бойынша эпиорталығы Кахраманмараштағы Пазарджик және Эльбистан аудандарында болған екі жер сілкінісінен кейін 2 412 афтершок тіркелген.
Жойқын зілзала құрбандарының саны Түркия уақытымен сағат 15:55-те 29 605 адамға жетті.