13.02.2023, 07:01

Түркияда 155 сағат үйінді астында жатқан бала құтқарылды

фото: aa.com.tr
Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды.

Газиантептегі Нурдағы ауданында жер сілкінісі болған соң 155 сағат өткеннен кейін 8 жасар бала үйінді астынан аман құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

8 жасар ұл тұрғын үй үйіндісі астынан шығарылған.

Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді. Соның бірі – Сирия, ондағы құрбандар саны 3 574-ке жетті.