13.02.2023, 17:00

Белбеуден бас тартқан Головкинге қатысты шешім шықты

Фото: Тұрар Қазанғапов
Орта дивизиондағы IBF белбеу әзірге бос тұр.

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңа рейтинг жариялады, - деп хабарлайды massaget.kz.

Орта салмақта міндетті қарсылас бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жұдырықтасудан бас тартып, белбеуді босатқан Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) рейтингіден шығарылды. 

Енді рейтингіде бірінші Фалькао, екінші аустралиялық Майкл Зерафа (31-4, 19 КО), ал үшінші германиялық Винченцо Гуальтьери (20-0-1, 7 КО) тұр.

Ал орта дивизиондағы IBF белбеу әзірге бос тұр.