14.02.2023, 07:30

Қар, боран, көктайғақ - сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: Ақмола облысының полиция департаменті
Ел аумағының басым бөлігінде тұман түседі.

Қазгидромет 14 ақпан күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Тек республикамыздың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында – ауа райы жауын-шашынсыз.

Ел аумағының басым бөлігінде тұман түседі.