$ 490.84  536.88  5.04

«Басшылары полиция қызметкерлеріне «халықты аямаңдар» деп қанауға бұйрық береді» - Айгүл Орынбек

Еліміздегі Ішкі істер жүйесі, тәртіп сақшыларының жағдай-мәселесі күн санап ушығып барады. Шымкент, Түркістан аймақтарына енді кеп Қызылорда облысы қосылды.
фото: baq.kz
фото: baq.kz

Құрметті Президент, Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін өзіңізге айтар датым бар!

Еліміздегі Ішкі істер жүйесі, тәртіп сақшыларының жағдай-мәселесі күн санап ушығып барады! 
Шымкент, Түркістан аймақтарына енді кеп Қызылорда облысы қосылды!
“Басшылар халықты аямаңдар деп, қанауға бұйрық береді” деген шағымға өзіңіз көңіл бөліп, тікелей араласпасаңыз - болмайды!

Ішкі істер органдарының іштей “іріп-шіріп” жатқанын жазып, көтеріп жатқаныма біраз уақыт болды! Бірақ, жоғарыдағы министрліктегілер мұны көргісі келмейді! Заңды да белшесінен басып, Адам құқығын аяққа таптап, осы мәселелерді көтеріп жүрген өзіңмен алысып кетеді! 
Құрметті Президент!

Әділетті Қазақстанды жылдар бойғы жиналған, тіпті жүйелеп кеткен сыбайластықпен құра алмайтынызды ІІМ-дегі полицияның бәз-баяғы “бастықтары” түсіну үшін - ең алдымен, өзіңіздің қолдауыңыз және ықпалыңыз керек!

Сол баяғы Қаңтар оқиғасында халыққа үтік басып азаптаған уақытта ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған Арман Саданов, Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаев - сол баяғы “ескі команда” мұрты бұзылмай әлі отыр! 

Ал Марат Ахметжанов мырза жалғыз өзі бүтін бір ескінің “көздері” болған “команданы” тазартап, бүкіл қордаланып кеткен “шірік-жүйені” бұзып, ІІМ-не жаңа реформа жасауға күші жетпей отыр деп ойлаймын!

Сондықтан, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлерінің жанайқайына қәзір дер кезінде назар аударып, мәселені “майшаммен” қарамасақ, ЕРТЕҢ - тым КЕШ болады!

Сақшылардың ашу-ызасы, басшыларға деген наразылықтары - алдағы күндерде көтеріліске алып келуі мүмкін. Бұл - мемлекетіміз үшін қауіп және қатер! Себебі, қылмыс пен құқықбұзушылыққа тосқауыл қояды деген полицейлердің өздері өз үндерін тыңдамағандары үшін билікке ренжіп қарсы шапса, соңы тек - құрдым! Ел де, жер де құриды! 

Полиция қызметкері де - адам, олар да әділдік іздейді! Шындыққа жеткісі келеді, Сіздің құрып және қалыптастырып жатқан Әділетті Қазақстанда өмір сүргісі келеді!

Құрметті Президент, тәртіп сақшыларымен тілдесіп, олардың жағдайын көріп, жанайқайын тыңдағандағы тұжырымымды бүгін өзіңізге Елдің алдында бүкпесіз баяндауды жөн санап отырмын! 

Мен үшін Елімнің тыныштығы - бәрінен қымбат!

Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары