$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 5 колледж студенттерді лицензиясыз оқытып келген

Мемлекеттік аттестаттау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірқатар жүйелік проблема анықталды.
Сурет: pexels
Сурет: pexels

Қазақстанда 5 колледж студенттерді лицензиясыз оқытқан. Мемлекеттік аттестаттау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірқатар жүйелік проблема анықталды. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті хабарлады,

Комитет таратқан ақпаратқа сүйенсек, білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ақпараты бойынша, биыл елімізде 520 колледжі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бақылау шараларынан бұрын олардың әрқайсысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"Мемлекеттік аттестаттауды өткізу лицензиясыз білім беру қызметімен айналысатын колледждерді анықтауға ықпал етті. Бұл Қостанай облысының Денисов кәсіптік-техникалық колледжі, Қарағанды облысының А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледж және Теміртау жоғары политехникалық колледжі", деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

Сондай-ақ тексерілген 315 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының 198-і аттестаттаудан өтпеген. Олардың басым бөлігі Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Жетісу және Түркістан облыстарында орналасқан.

"Аттестаттаудан өтпеу себептері – техникалық және кәсіптік білім ұйымдары әзірлейтін білім беру бағдарламаларына сай болмауы, МЖМБС талаптарына сәйкес оқытушылардың сапалық құрамының (салаға сай мамандар емес, тиісті санаттағы оқытушылардың аздығы) болмауы", деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, өндірістік оқытуды жоспарлау мен өткізудегі, оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалаудағы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке оқу бағдарламалары мен жоспар дайындаудағы қателіктердің орын алуы.

Оқу-ағарту министрлігі Астана және Алматы қалаларының, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарының колледждері жақсы нәтижелер көрсеткенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары