15.02.2023, 01:20

Еліміздің не себепті сырттай оқу жүйесінен бас тартқаны белгілі болды

Фото: atr.kz
Біз сырттай оқудан бас тарттык. Сапа, өкінішке қарай, едәуір зардап шекті.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан сырттай оқытудан неге бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет кулуарында министр бұл мәселеге қатысты пікір білдірді.

"Біз сырттай оқудан бас тарттык. Сапа, өкінішке қарай, едәуір зардап шекті. Қазір университеттерге рұқсат бере бастаған жалғыз нәрсе – гибридтік білім беру", - деді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, колледж түлектері екінші курсқа бірден түсе алмайды.

"Қазір оқу-ағарту министрлігімен үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. Қолданбалы бакалавр деген бар. Мықты колледждер бакалавр дайындайтындай, бұл үш жылдық бағдарлама", - деп қосты Саясат Нұрбек.