Петропавлдағы мектепте шабуыл жасаған оқушы екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"2023 жылғы 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмағанға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді Петропавл мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі өкілдері.
Ресми деректерге сәйкес, соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.