$ 481.84  531.33  5.07

Бибісара Асаубаева әріптестерімен қарым-қатынасының не себепті нашарлағанын түсіндірді

Бибісараның анасы қызының қазақстандық әріптестеріне өкпелі екенін жасырмады.
Фото: Cұхбаттан кадр
Фото: Cұхбаттан кадр

“100 сұхбат” бағдарламасында  шахмат Федерациясындағы Бибісара мен қыздар арасындағы кикілжің туралы сөз болды. Бибісараның анасы қызының қазақстандық әріптестеріне өкпелі екенін жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Әдетте сайыстардан жүлде алып, жеңімпаз атанып келген әріптестерін Бибісара құттықтап, Instagram-да жазба жариялап, пікір қалдырады. Бірақ былтыр өткен сайыстан кейінгі жағдайды мүлдем түсінбедім. Бұл Бибісараның ғана емес, Қазақстандағы шахмат әлемінің жеңісі емес пе?! Осы туралы ҚР шахмат Федерациясының бас жаттықтырушысы Павел Коцурдан мән-жайды түсіндіруін сұрадым. Менің “Неге бізді балалар мен оның ата-аналарын құттықтамады?” деген сауалыма бапкер: “Сенің қызың құрамадағы қыздардың арманын ұрлады. Олардың құттықтамауы – қалыпты дүние”, – деп жауап берді.
Осы жағдайға қатысты Бибісараның өзі де пікір білдірді.

“Құрамадағы қыздармен арақатынасымызды жақсы деуге келмейді. Менің Ресейдегі бапкерім қазақстандық құраманың жас, болашақтан үміт күттіретін команда екенін айтты. Оның айтуынша, бізде ауызбіршілік жетіспейді. Халықарлық сайыс кезінде “сен менің арманымды ұрладың” деп бір-бірімізге қыр көрсетпей, керісінше, бір-бірімізді барынша қолдауымыз керек. Қазақстандық шахматшылардан дос-құрбыларым жоқ, тек шетелдік шахматшы қыздармен араласамын”, – дейді Бибісара.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары