$ 443.44  480.51  4.88

Желіде жігітті ұрып-соққан қыздың видеосы тарады

Видеодан ол одан ақша талап етіп жатқанын көруге болады.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Желіде жігітті ұрып-соққан қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеодан ол одан ақша талап етіп жатқанын көруге болады.

"Талдықорған қаласында жасөспірім қызды соққыға жыққан қыздар туралы тақырыптың жалғасы ретінде тағы бір видео келді. Видеода Құндыз есімді қыз жігітті ұрып-соғып, ақша талап етіп жатыр", - делінген Telegram арнасындағы видеоның сипаттамасында.

Ішкі істер министрлігі аталған факт бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданы ПД-да ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Іс жүргізу аясында заңсыз әрекеттің мән-жайы анықталады. Алматы қаласындағы колледждердің бірінде оқитын 2005 жылы туған Б.-ның ювеналдық полицияның есебінде тұрғанын хабарлаймыз. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау дерегі бойынша қыздың анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша материал жиналды", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#төбелес