$ 494.87  520.65  4.91

Жаяу бұрқасын, тұман: 9 өңірде ескерту жарияланды

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман болжанады.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

«Қазгидромет» РМК 17 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 

Түнде Ақтөбе облысының орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде өңірдің орталығында, күндіз оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман болжанады. Түнде өңірдің батысында, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с құрайды.

Күндіз Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман болжанады. Күндіз өңірдің батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен солтүстігінде көктайғақ болады. Өңірдің батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің шығысында тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с құрайды.

18 ақпанда Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 17-18 ақпанда облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы