16 ақпанда таңғы сағат 10:50 шамасында Көкшетаудағы Qazaq Oil аумағындағы екі құйма эстакадасы жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 716.kz-ке сілтеме жасап.
Өрт болған жерде жұмысшының денесі табылды. Марқұмның жеке басы анықталып жатыр, өрттің себебі де анықталады.
Трагедия орнынан видеоны Petrocouncil.kz Telegram-арнасы жариялады.
Өрттің ауданы 35 шаршы метр болған. Өрт сағат 11:05-те ауыздықталып, сағат 11:25-те сөндірілген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шегуі мүмкін екінші адам іздестіріліп жатыр.