17.02.2023, 21:30

Қарағандыда пара алды деген күдікпен әкім орынбасары ұсталды

Фото: aikyn.kz
Пара сомасы 1 млн теңге көлемінде болған.

Қарағанды қаласында Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Вечерняя Караганда» басылымының хабарлауынша, пара сомасы 1 млн теңге көлемінде болған.

«Қарағандыда әкім орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Ұсталған адам – аудан әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары», - делінген хабарламада.

Аталған дерек Қарағанды ​​облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев өткізген брифингте мәлім болған.  

«Аталған деректің болдғаны растаймын. Қазіргі бұл мәселе бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің егжей-тегжейлі ақпаратын таратуға құқығымыз жоқ», - деді Мұрат Төлеубаев.