$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде ішімдіктен бас тартқан тағы бір ауыл пайда болды

Мақсат – Баянды ауылында мас күйде жасалатын қылмыстардың, құқық бұзушылықтарды алдын алып, үлгілі ауыл ретінде танылу.
Фото: bereznyaki.org
Фото: bereznyaki.org

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Баянды ауылында алкогольді өнімдер сауда-саттығынан толықтай бас тарту туралы меморандумға қол қойылды. Бұл ақпаратты өңірлік коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мақсат – Баянды ауылында мас күйде жасалатын қылмыстардың, құқық бұзушылықтарды алдын алып, үлгілі ауыл ретінде танылу.

Келісім бекітуге Мұнайлы ауданының әкімдігі мен аудандық полиция бөлімі бастама білдірген. Осылайша, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Сара Ноғаева, аудандық полиция бөлімінің басшысы Серік Айдаров, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мадина Жанжігітова, Баянды ауылының әкімі Дастан Мураталиев және ауыл кәсіпкерлері елді мекендегі дүкендерде алкогольді ішімдіктерді сатпау туралы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары