Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің 15 өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде жел қарқыны 18 м/с жетеді.
Алматы қаласында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Алматы облысында да тұман түседі, көктайғақ.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел екпіні – 15-18 м/с.
Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстік-батысында желдің күші – 15-20, Жарма ауданында екпіні – 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығыстан екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында көктайғақ, тұман.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таулы аудандарда желдің күші - 15-20 м/с.
Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, желдің қарқыны күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күндіз екпіні - 15-20 м/с
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. 18-19 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, 18 ақпанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында – 15-20 м/с, 19 ақпанда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.